«Әзірлеген тамағымды жемеді»: Абай Бегейдің әйелі әншінің қыздарымен қарым-қатынасы туралы айтты

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Әзірлеген тамағымды жемеді»: Абай Бегейдің әйелі әншінің қыздарымен қарым-қатынасы туралы айтты
ашық дереккөз
3057

Әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова жұбайының балаларымен қалай танысқанын және қалай қабылдағанын айтты.

Оның айтуынша, алғашында қыздары бірден қабылдамаған және өзара қиындықтар болған.

«Үйлену тойымыз болып, тақсыр қыздарды Алматыға алып келемін деді. Үлкен айқай шу болды, оның шет жағасы бәріңізге мәлім…

Есімде таңның уақыты, дастархан жайып, аэропорттан тақсыр мен екі қызымды күтіп отырмын. Ішім деген алай-дүлей, бір бөлмеде ары-бері жүрмін. Бір кезде келді. Есікті ашсам, екі қызым тұр, бетіме суық қарады (көңіл күйлері жоқ) да, ішке кіріп кетті. Әкелері амандасыңдар дегенде, үндемеді. Жүрегім сондай қан жылады, бірақ білдіртпедім. Маған мүлдем сөйлемейді, сұрақтарыма жауап бермейді! Барымды салып, тәтті тамақтар пісірдім, жемеді. Тек дұғамды жасап, жәймен-жәймен алдастырдым.

Әлі күнге дейін сол - дұғам мен алдастыру. Мені сөгетін адамдарға бір айтарым, әлі күнге дейін мен не істесем де, не айтсам да мың қадам алға ойланамын, саралап, саптап, өлшеп жасап, айтамын. Соншама жыл жинаған махаббат пен қарым-қатынас маған қымбат. Не істесем де ренжімейді, не айтсам да ренжімейді деген ұранмен өмір сүремін», - дейді .

 

Серіктес жаңалықтары