Түркістан облысында 6,5 млн теңге берешегі бар жүргізуші анықталды

Жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты.

Түркістан облысында 6,5 млн теңге берешегі бар жүргізуші анықталды
polisia.kz
628

Түркістан облысының полицейлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,6 миллион теңге берешегі бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев брифинг кезінде мәлімдеді.

«Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілді. Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іске кірісіп, аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, Шымкент – Самара тас жолында тоқтатты», – делінген хабарламада.

Тексеру кезінде бұл автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі бары анықталды. Яғни жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзумен байланысты. Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұраққа қойып, жүргізушімен берешекті уақтылы төлеу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


 

Серіктес жаңалықтары