945
Елордада тағы бір көшенің учаскесі уақытша жабылады
Астанадағы Майқайын көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Астанада тағы бір көшенің учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлімдеді.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Майқайын көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты 22-25 қыркүйек аралығында Дауылпаз көшесінен бастап Балталы көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады», - делінген хабарламада.