Асхат Тағыбергеннің голы әйгілі «Пушкаш сыйлығына» үміткерлер тізіміне енді

Қазақстан құрамасының капитаны 2023 жылдың үздік гол иесі атануға мүмкіндігі бар.

Асхат Тағыбергеннің голы әйгілі «Пушкаш сыйлығына» үміткерлер тізіміне енді
ашық дереккөз
1579

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергенді үздік гол иесіне берілетін әйгілі «Пушкаш» сыйлығына үміткерлер тізіміне енгізді, деп хабарлады turkystan.kz ФИФА-ның Instagram-дағы жеке парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстандық футболшы 2023 жылдың үздік гол иесі атануға мүмкіндігі бар. Ол үшін ФИФА-ның ресми сайтында жүргізілетін дауыс беруге қатысу керек. Жеңімпаз келесі жылдың басында белгілі болады. Асхаттан өзге тағы он футболшы аталған тізімге енген.

Еске сала кетейік, Асхат Тағыберген Еуропа-2024 чемпионатына іріктеу кезінде Дания құрамасына гол соққан болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары