ШЫҰ жастар лагерінің делегаттары есірткінің таралуына жол бермеу шараларын талқылады

Лагерь жұмысына шетелден және Қазақстанның барлық өңірінен 300-ден астам делегат, AMANAT партиясының Мәжілістегі депутаттары қатысып жатыр.

ШЫҰ жастар лагерінің делегаттары есірткінің таралуына жол бермеу шараларын талқылады
1485

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің қолдауымен өтіп жатқан «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагерінің жұмысы жалғасуып жатыр.

Биыл шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ның 2024-2029 жылдарға арналған есірткіге қарсы жаңа стратегиясын әзірлеуді және қабылдауды ұсынды. Ал Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Бішкекте халықаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл орталығын құру туралы бастама көтерді.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, бұл ШЫҰ кеңістігінде есірткіге қарсы күресті күшейтіп, үйлесімді және бірлесе жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

 «Өкінішке қарай, жаңа технологиялар синтетикалық препараттарды өндірудің және оны таратудың қолжетімділігін анықтады. Нашақорлықтың ауқымы әлем бойынша жыл сайын артып келеді. ШЫҰ кеңістігінде осы әлеуметтік аурумен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Алайда, есірткіге қарсы тұру тек қатаңдату немесе күресу шараларымен шектелмейді. Бұл нәрседен қоғам бас тартуы керек. Осы тұрғыда жастардың үлесі өте маңызды. Жас көшбасшылардың есірткіге қарсы қозғалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстары барына сенімдімін», - деді ол.

Еске сала кетейік, лагерь жұмысына шетелден және Қазақстанның барлық өңірінен 300-ден астам делегат, AMANAT партиясының Мәжілістегі депутаттары қатысуда. Жастар, 20-23 қыркүйек аралығында семинар-тренингтерге қатысып, өз елдерінің тәжірибесімен бөліседі және ШЫҰ елдерінің өзекті мәселелерін шешу бойынша пікірсайыс жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары