«2 градус аяз»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2 градусқа дейін аяз болады.

«2 градус аяз»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: ar.egemen.kz
1295

Қазгидромет 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік өңірлерде, Қарағанды облысында жаңбыр жауады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында да жауын жауады. Түнде таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2 градусқа дейін аяз болады. Күндізгі сағаттарда ҚР батысындағы ауа температурасы 25-30 жылыға дейін, солтүстік, оңтүстік өңірлерде және еліміздің орталығында температураның 18-23 жылыға дейін көтерілуі мүмкін. Республиканың шығысында температура 7-13 градусқа дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары