Ақтауда балаларымен бірге көпқабатты үйдің кіреберісінде ұйықтап қалған әйел ата-ана құқығынан айырылды

Бетон еденде мас күйінде ұйықтап жатқан әйел 38 жаста.

Ақтауда балаларымен бірге көпқабатты үйдің кіреберісінде ұйықтап қалған әйел ата-ана құқығынан айырылды
www.lada.kz
1467

Ақтауда балаларымен бірге көпқабатты үйдің кіреберісінде ұйықтап қалған әйел ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Білім басқармасы Балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманованың айтуынша, екі ай бұрын көпқабатты үйдің кіре берісіндегі бетон еденде мас күйінде ұйықтап жатқан әйел 38 жаста. Ақтауға Жамбыл облысынан жұмысқа келген. Онда пәтер жалдаған. Қазір төрт жасар үлкен баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, ал екі жасар қызы балалар үйінде. Ол балаларын осыған дейін бір-ақ рет көрген. Жұлдыз Ағманова кенже баласын әйелдің туған бауыры қамқорлығына алу үшін құжат реттестіріп жүргенін айтады.

Серіктес жаңалықтары