Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан нешінші орында тұр

Бүгін ел қоржынына екі медаль түсті.

Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан нешінші орында тұр
Ашық дереккөз
2699

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде ел қоржынына екі жүлде түсті, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Біріншісі, дзюдодан Абиба Абужақынова (48 келі) – күміс, ал екіншісі Мағжан Шамшадин (60 келі) – қола.

Көш басында 29 медальмен (19 алтын, 7 күміс, 3 қола) Қытай тұр. 

Одан кейін 14 медальмен (5 алтын, 4 күміс, 5 қола) Оңтүстік Корея келе жатыр. 

Үшінші орында 13 медальмен (2 алтын, 6 күміс, 5 қола) Жапония құрамасы тұр.

Қазақстан құрамасы 2 медальмен (1 күміс, 1 қола) оныншы орынға жайғасты.

Серіктес жаңалықтары