«Ертіс орманының» басшылары заңсыз ағаш кесті деген күдікке ілінді
Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді
«Ертіс орманының» лауазымды тұлғалары резерватта заңсыз ағаш кесумен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен ауқымды операция жүргізді.
«Полиция қызметкерлері «Ертіс орманы» РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жерінде 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді», - деп жазылған хабарламада.
Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Болжамды мәлімет бойынша, орманды заңсыз кесуге «Ертіс орманы» РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.