3710
Баспалдақтан құлаған оқушыға қатысты жаңа ақпарат жарияланды
Елорданың Білім басқармасы баспалдақтан құлаған оқушының жағдайына түсініктеме берді
Білім басқармасының хабарлауынша, Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде, баспалдақтан құлаған, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
«Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Бұл жерге жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында. Жағдайы тұрақты. Комада болған жоқ», – деп мәлімдеді басқарма.
Сондай-ақ мектептің баспалдақтары қоршаулармен жабдықталғанын айтты. Қазіргі уақытта басқарма мектеп директорына қатысты шаралар қабылдау мәселесін қарастырып жатыр.
Бұған дейін Астанадағы мектепте оқушы баспалдақтан құлап, комада жатты деген ақпарат пайда болғанын жазған болатынбыз.