Ақша аудара алмайды, кредит берілмейді: 2 қазаннан кейін кей азаматтарға банк қызмет көрсетпейді

Барлық сұрақ бойынша 1414 – бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Ақша аудара алмайды, кредит берілмейді: 2 қазаннан кейін кей азаматтарға банк қызмет көрсетпейді
ашық дереккөз
1429

2 қазаннан кейін 55 мыңнан астам алматылыққа банк қызмет көрсетпейді, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2 қазанда жеке тұлғалардың 2022 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Меншігінде жеке үйлері, пәтерлері, саяжайлары, гараждары және өзге де нысандары бар адамдар салық төлеуі керек.

Алматының Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі салық мерзімі аяқталғанға дейін бірнеше күн қалғанына қарамастан, Алматының 55 644 тұрғыны жалпы сомасы 735 миллион теңге салық төлемеген.

Мерзім өткенше салық төлемеген тұлғалар салық заңнамасының нормаларына сәйкес банк қызметтерін ала алмайды, оның ішінде банк шоттарын аша алмайды, аударымдар жасай алмайды, кредит ресімдей алмайды және т.б. Мерзімі өткен әрбір күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі, - деп хабарлады Алматы МКД.

Бұдан басқа, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салық бұйрықтарын жібереді, олар салық төлемеген азаматтардың мүлік және банк шотын пайдалануына тыйым салу, сондай-ақ шетелге шығуды шектеу сияқты шара қолданатын болады. Салық борышынан басқа, қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары да ұсталады.

Барлық сұрақ бойынша 1414 – бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары