Ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады
Бүгіннен бастап жаңа қызмет eGov Mobile платформасында қолжетімді.
25 қыркүйектен бастап eGov Mobile қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін бейнеқоңырау арқылы алу қызметі іске қосылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жаңа қызмет ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін ресімдеу процесін анағұрлым жеңілдетеді.
Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады. Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.
«Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі» - деп атап өтті Бекболат Молдабеков.
Қызметті алу үшін:
6) «eGovMobile» платформасында тіркелу;
7) өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
8) бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу;
9) нотариустың қызмет ақысын төлеу керек.
10) нәтижесінде, құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады.