Елімізде алғаш рет оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 8 миллион теңге.

Елімізде алғаш рет оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті
ашық дереккөз
1209

Алматыда тұңғыш рет оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Төрт күндік сайыс қорытындысында «рапид» және «блиц» бойынша ең мықтылар анықталды. Нәтижесінде Қазақстан командасы сегіз алтын медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Оқушылар арасындағы әлем біріншілігіне 17 елден 200-ден астам спортшы қатысты: Чехия, Моңғолия, Түркия, Бангладеш, Испания, Колумбия, Пәкістан, Венгрия, Өзбекстан және т.б.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 8 миллион теңге.

Серіктес жаңалықтары