Нұржан Керменбаев Жанар Хамитоваға ән арнаған (ВИДЕО)

Әнші Нұржан Керменбаев Нұржан Еркінұлына берген сұхбатында марқұм өнердегі әріптесі Жанар Хамитова туралы дауға қатысты пікір білдірді.

Нұржан Керменбаев Жанар Хамитоваға ән арнаған (ВИДЕО)
turkystan.kz
4390

Жақында Нұржан Керменбаевтың «Өткен шақ» атты альбомы жарыққа шыққан болатын. Өнер иесі аталмыш альбомды бұрын жүрген қыздарына, кейбір әндері Жанар Хамитоваға арналған.

«Альбомдағы «Сен кеткелі» деген ән Жанарға арналады. Оны жасырмаймын, әнді тыңдаған адам өзі түсінеді. Маған әлі күнге дейін «Жанар Алматыға келіп, шығармашылыққа қайта оралғанда, «Астарлы ақиқатқа» келгенде неге қолдамадың?» деп жазатындар бар. Сондай хейт жауды. Біріншіден, ол кезде қателеспесем, менің екі балам, отбасым, келіншегім бар. Сөйте тұра мен ескі махаббатыммен бұрынғыны езгілеп отыруым керек пе?! Оны отбасым дұрыс түсінбейді. Екіншіден, осы күнге дейін қасықтап жинаған абыройымды сол бағдарламаға барып, рейтингтері үшін төкпеймін. Маған журналист «Жанар келді. Сіз де келсеңіз» деп хабарласты. Мен бірден бас тарттым. Сонда «Неге, мүмкін ойланасыз» деді. Ойланатын түгі жоқ, оның өзінің белігілі бір себептері бар. Сонымен тақырып жабылды. Мен үшін қазіргі отбасым маңызды. Жанардың да бұрындары отбасы, екі баласы болған», - дейді Нұржан Керменбаев.

 

Серіктес жаңалықтары