Қазақстан ҰҚШҰ-дан шыға ма? – СІМ жауап берді

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуы мүмкін екендігін жоққа шығарды.

Қазақстан ҰҚШҰ-дан шыға ма? – СІМ жауап берді
ашық дереккөз
1155

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Армения Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы туралы келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Қазақстан мен Армения келіссөздер жүргізіп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Бірнеше күн бұрын ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кездесу өткізді. Онда ұйымның одан әрі даму жолдары, осы ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимыл талқыланды. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол брифингте.

Серіктес жаңалықтары