Бас сүйегі 5 жерден сынған: мертіккен оқушының әкесі директордан отаның қаражатын талап етті (ВИДЕО)

Баланың әкесі мектеп директорынан отаның ақысын төлеуді талап етті.

Бас сүйегі 5 жерден сынған: мертіккен оқушының әкесі директордан отаның қаражатын талап етті (ВИДЕО)
Фото: tengrinews.kz
5070

Астанадағы мектептердің бірінде баспалдақтан құлап кеткен баланың әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

25 қыркүйекте зардап шеккен оқушының әкесі астаналық журналистерге сұхбат беріп, 18 қыркүйекте мектеп қабырғасында болған төтенше жағдайдың жай-жапсарын баяндады. Жәбірленуші мектеп директорынан баланың отасына жұмсалатын қаражатты төлеуді талап етті.

Бұрын хабарланғандай, астаналық №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатқан кезде баспалдақтан құлап кеткен болатын.

2-сынып оқушысының әкесі Бекжан Қожамқұлов ұлының жағдайы туралы баяндап, төтенше жағдай болған күні жедел жәрдемнің оқиға орнына қоңыраудан бір сағат өткен соң жеткенін айтты. Айтуынша, бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылған. Бірақ әкесі шетелдік емханаға емдетуге ниетті екенін айтты. Өйткені балаға ота жасалып, одан әрі емделу керек.

«Маған операцияның ақшасын шығарып берсін. Қанша болатынын білмеймін. Жасай алмай тұр ғой соны. Жасаса, осы уақытқа дейін жасамай ма? Бүгін таңертең дәрігерлер тәуекелге бармаймыз депті. Бала есін біліп тұр, бірақ операция жасалмағаннан кейін қалай жағдайы жақсы деп айта аламын? Басы бес жерден сынған. ...Көздің астында сүйек тұрып қалған. Соны операция істеп ала алмап еді. Бүгін көздің жанынан да сынған дейді. Күннен-күнге дәрігерлер жаңалық айтып келе жатыр. Неге соны бірден тексеріп айтпайды, әкесімін ғой», - дейді ол.

 

 

Серіктес жаңалықтары