1516
Шымкентте жасөспірімді аяусыз ұрғандар бір жыл өтсе де, табылмай жатыр (ВИДЕО)
Бір жыл бұрын Шымкентте он бес жастағы жасөспірімді белгісіз азаматтар өз ауласында аямай ұрып кеткен.
Шымкентте жасөспірімді аяусыз ұрғандар бір жыл өтсе де, табылмай жатыр. Бұл оқиға туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бір жыл бұрын Шымкентте он бес жастағы жасөспірімді белгісіз азаматтар өз ауласында аямай ұрып кеткен. Содан кейін баланың денсаулығы нашарлаған. Ауруханада емделгенімен ауруынан әлі айықпаған. Басынан жарақат алып, мойны сынған.
Анасының айтуынша, бұрын жақсы оқып, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан баланың қазір оқу үлгерімі де төмендепті.
Оқиға болған күні құқық қорғаушылар шақырылғанмен, істі ешкім қозғамаған.