Қазақстанда ұн өндірісі 3,7%-ға өсті

Импорт үлесіне ұнның 1,4%-ы тиесілі

Қазақстанда ұн өндірісі 3,7%-ға өсті
world-grain.com
1190

2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Импорт үлесіне ұнның 1,4%-ы тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1% өсті.

Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.

Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары