Шымкентте мұғалімді алдап соққан алаяқ қамауға алынды

Ол мұғалімнен 120 мың теңге алған.

Шымкентте мұғалімді алдап соққан алаяқ қамауға алынды
polisia.kz
1487

Абай аудандық ПБ-ға мектеп мұғалімі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып арызданды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ер адам банктегі 4,6 млн теңге несиесін жабу үшін бейтаныс келіншектің көмегіне жүгінген. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше,алаяқ әйел оны «банкроттық жариялау арқылы қарызыңды толық өтеп беремін» деп сендіріп, өз қызметі үшін 120 мың теңге алып, ізін суытқан. 

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, қала аумағында ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. 

Тергеу барысында жергілікті тұрғын бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғаны және мұғалімнен кейін тағы бір кәсіпкерді алдап соққаны белгілі болды. Ол кезекті құрбанын мемлекеттен қайтарымсыз 5 миллион теңге грант алып беремін деп сендіріп, 350 мың теңгеге сан соқтырған. 

Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары