«Ешкімге тілемеймін»: Балжан Бидаш қазіргі жағдайы туралы айтты

Әнші қиын сәтте оқырмандарынан қолдау күтетінін айтты.

«Ешкімге тілемеймін»: Балжан Бидаш қазіргі жағдайы туралы айтты
Фото: ашық дереккөз
2924

Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz

Өнер иесі өзін қолға алғанмен, түрлі ой мазалап жүргенін жасырмады.

«Қазір менде бәрі жақсы. Уақыт емші екеніне көзім жетті. Бүкіл стресс, депрессияны тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өз-өзімді қолға алдым, жинадым. Енді менің алдағы өмірімде бір ғана ой мазалайды. Және ол нәрсе мен сияқты кезеңде жүрген әйел қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайда жүрген жандар түсініп отырған болар... Айырылысқан жандардың көбін «Әрі қарай қалай өмір сүріп кетемін, қалай күн көремін?» деген ой қатты қорқытады екен», - деп жазды әнші Instagram-дағы Stories бөлімінде. 

Әнші қиын сәтте оқырмандарынан қолдау күтетінін айтты.

«Ажырасу – бұл да бір өлім» деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Қатты әңгіме болып жатқанын білемін. «Әрі қарай қалай өмір сүресің?» деп жанымдағылар сұрағанда ол нәрсе де есіме түсті. Бірақ өз ақылыма, сіздердің қолдауларыңызға сенімдімін», - деді ол. 

Әнші жақында актер Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растаған болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары