Еліміздің сегіз облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды

Синоптиктер сегіз облыста дауылды ескерту жариялады.

Еліміздің сегіз облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды
Фото: 24.kz
1475

Қазгидромет сәрсенбі, 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктер сегіз облыста дауылды ескерту жариялады.

Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын жел түнде оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының шығысында және оңтүстік-шығысында күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының батысында және солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары