Қазақстан Азия ойындарының медальдар кестесінде нешінші орында?

Қазақстанның қоржынында қазір тоғыз медаль бар: екі күміс және жеті қола.

Қазақстан Азия ойындарының медальдар кестесінде нешінші орында?
Фото: olympic.kz
3464

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарының үшінші күнінде Қазақстан құрамасы медальдық есепте нешінші орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстанның қоржынында қазір тоғыз медаль бар: екі күміс және жеті қола. Медальдық есепте Қазақстан 15-орыннан 16-орынға түсті. Турнирдің көшбасшысы – Қытай. Оңтүстік Корея 49 медальмен (14 алтын, 16 күміс, 19 қола) екінші орында тұр. Құрлық біріншілігінде үздік үштікті әзірге 46 медальмен (8 алтын, 20 күміс және 18 қола) Жапония түйіндеген. Посткеңестік елдерге келсек, Өзбекстан 22 медальмен (5 алтын, 6 күміс және 11 қола) төртінші орында. Тәжікстан 12-орынға жайғасты: 3 медаль (1 алтын, 1 күміс, 1 қола). Қырғызстан 14-орында: 1 медаль (бір алтын).

2023 жылғы Азия ойындарындағы медальдық есеп:

1. Қытай – 53-29-13 (95)

2. Оңтүстік Корея – 14-16-19 (49)

3. Жапония – 8-20-18 (46)

4. Өзбекстан – 5-6-11 (22)

5. Гонконг –  5-4-10 (19)

6. Үндістан – 3-3-6 (12)

7. Индонезия – 3-1-5 (9)

8. Тайвань – 2-3-3 (8)

9. Тайланд – 2-0-5 (7)

10. Иран – 1-4-5 (10)

 

16. Қазақстан – 0-2-7 (9).

 

Серіктес жаңалықтары