1673
Қазақстанның кей өңірінде үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады.
Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батысы антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де сақталады.
Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарын тұман басады. Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.
Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз 17-23 жылыға дейін, таулы аудандарда 8-13 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.