Азиада-2023: Назым Қызайбай алғашқы қарсыласын жеңді

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Азия ойындарын жеңіспен бастады.

Азиада-2023: Назым Қызайбай алғашқы қарсыласын жеңді
qazaqstan.tv
2892

Бокстан әйелдер арасында 51 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз непалдық Таманг Сусманы айқын басымдықпен жеңіп (5:0), келесі айналымға шықты.

Назымның келесі қарсыласы – Йесуген Оюнцетцег (Моңғолия).

Айта кетейік, бұған дейін Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары