1944
Етін жемек болған: ШҚО-да аю атқан ер адам ұсталды
Күдікті аюды жеу үшін атқан.
ШҚО-да аю атқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті аюды жеу үшін атқан.
"Күдіктіге келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады", - делінген ведомство хабарламасында.