Күйзелісте жүрмін: Аша Матай денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан.

Күйзелісте жүрмін: Аша Матай денсаулығы сыр бергенін айтты
ашық дереккөз
5654

Әнші Аша Матай денсаулығы сыр бергенін айтты. Ол қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан. 

“Үш айлық күйзеліс пен бес күн қан қысымның көтеріліп-түсуінің нәтижесі. Жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Бір күнде екі рет шақырттым. Қан қысымым түсіп кете береді. Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы. Күш-қуатым әлсіреп, бірқатар анализ тапсырдым. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, мен сынбаймын. Сынуға құқым жоқ. Менің екі кішкентай балам бар. Оларға дені сау, бақытты ана керек. Біздің денсаулығымыз бен балаларымыз – аманат” деп жазды Аша Матай.

Серіктес жаңалықтары