Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне өткізген азаматтар жауапқа тартылады

Депутаттар жауапқа тартылған азаматқа салынатын айыппұл мөлшерін 50 мыңнан 100 мың сомға дейін ұлғайтуды ұсынды.

Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне өткізген азаматтар жауапқа тартылады
© AP Photo / Lefteris Pitarakis
1315

Жоғарғы кенеш депутаттары қылмыстық және отбасылық кодекстерге осындай түзетулер енгізуді ұсынды. Яғни, бұдан былай еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналары үшін жауапкершілігі қатаңдатылмақ, деп хабарлады turkystan.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттардың айтуынша, бүгінде балалардың ата-аналарын қарттар үйінде тапсыруы қалыпты жағдайға айналған. Соның салдарынан әлеуметтік мекемелерде зейнеткерлер саны артып келеді дейді. Қолданыстағы заң бойынша ата-аналарын тастап кеткен азаматтарды жауапқа тарту үшін сот шешімі қажет. Алайда, іс жүзінде бірде-бір ата-ана өз баласына өтініш жазбайды екен. Енді заңға енгізілген түзетулер мақұлданса, зейнеткерлер қарттар үйіне түскен кезде мекеме басшылығы автоматты түрде құқық қорғау органдарына өтініш жібереді.

Сонымен қатар, депутаттар жауапқа тартылған азаматқа салынатын айыппұл мөлшерін 50 мыңнан 100 мың сомға дейін ұлғайтуды және оларды мемлекеттік қызметке қабылдамайтын норманы енгізуді ұсынды. Комитет мүшелері заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары