Орталық сайлау комиссиясы Дархан Қыдырәліге куәлік пен төсбелгіні табыстады

Бүгін Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Орталық сайлау комиссиясы Дархан Қыдырәліге куәлік пен төсбелгіні табыстады
Орталық сайлау комиссиясы
875

Онда «ҚР Президентінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 360 Жарлығымен тағайындалған Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәліні тіркеу туралы» қаулы қабылданды.

«ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 27 қыркүйекте Дархан Қуандықұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен төсбелгіні табыстау барысында депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеген сәттен басталатынын атап өтіп, оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретіндегі жұмысына сәттілік тіледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары