Криштиану Роналду футболдан жаңа әлемдік рекорд орнатты

Португалия мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты.

Криштиану Роналду футболдан жаңа әлемдік рекорд орнатты
ашық дереккөз
1056

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясының мәліметінше, Сауд Арабиясы чемпионатының жетінші турында «Аль-Наср»«Аль-Ахли» клубын 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Бұл Роналдудың спорттық жолындағы жеңіліссіз өткізген 1001 матчы еді. Соның ішінде 777 жеңіс болса, 224-і тең ойын.

Криштиану «Аль-Наср» сапында 28 (барлығы 33), «Ювентуста» 114 (134), «Реалда» 386 (438), «Спортингте» 21 (31), Португалия құрамасында 158 (201) ойында ұтылмаған. Ол барлығы 1183 кездесуге қатысқан.

Серіктес жаңалықтары