Сенат депутаты Ғауез Нұрмұхамбетовтің өкілеттігі тоқтатылды

Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

Сенат депутаты Ғауез Нұрмұхамбетовтің өкілеттігі тоқтатылды
kostanaytany.kz
804

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Ғ.Нұрмұхамбетовтің басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ғауез Нұрмұхамбетов 1968 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.

2015 жылдан 2023 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2023 жылдың 25 қантарынан бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.

Серіктес жаңалықтары