816
Орал – Тасқала тасжолында екі адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 28 қыркүйек күні сағат 00:05 шамасында болған.
Батыс Қазақстан облысына қарасты Орал – Тасқала тасжолында көлік апаты болып, екі жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
«46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota camrу автокөлігі мен 82 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volkswagen golf2 автокөлігі соқтығысып, соның салдарынан екі көліктің де жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды», - деді БҚО ПД Орал қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі, полиция подполковнигі Еламан Уәлиев.
Toyota көлігінің 1961, 1957 және 1943 жылы туған жолаушылары облыстық ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.