Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында үшінші алтын медальді жеңіп алды

Қазақстан құрамасы қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 10 қола медаль бар.

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында үшінші алтын медальді жеңіп алды
Ашық дереккөз
2169

Қазақстандық мергендер Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл - Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы қоржынына түскен үшінші алтын медаль.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

"Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және, әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Серіктес жаңалықтары