1501
Сәкен Бибосынов Азия ойындарында Өзбекстан боксшысынан жеңілді
Хасанбой Думатов Азия ойындарының ширек финалына шықса, Сәкен Бибосынов турнирді жүлдесіз аяқтады.
Ханчжоудағы (Қытай) 2023 жылғы Азия ойындарының бокс турнирінде Сәкен Бибосынов Өзбекстан боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.
51 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалдық жекпе-жекте Дусматов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Хасанбой Дусматов Азия ойындарының ширек финалына шықса, Сәкен Бибосынов турнирді жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, Бибосынов – 2019 жылғы әлем чемпионы, сонымен қатар 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Дусматовқа келетін болсақ, ол 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және қазіргі әлем чемпионы.