«Мен қателестім»: Азиадада жарыс жолынан шығып қалған Сәкен Бибосынов қандай өкініші бар екенін айтты

Сәкен Бибосынов бұл жарыста басты мақсатына жете алмай қалғанын жеткізді.

«Мен қателестім»: Азиадада жарыс жолынан шығып қалған Сәкен Бибосынов қандай өкініші бар екенін айтты
Фото: ашық дереккөз
2902

Ханчжоудағы (Қытай) 2023 жылғы Азия ойындарының бокс турнирінде Сәкен Бибосынов Өзбекстан боксшысы Хасанбой Дусматовқа есе жіберген болатын. Жарыс жолынан шығып қалған боксшы жекпе-жектен кейін сұхбат беріп, өкінішін білдірді, деп хабарлады turkystan.kz

Сәкен Бибосынов бұл жарыста басты мақсатына жете алмай қалғанын жеткізді.

«Өкінішке қарай екінші кездесуімде өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңіліс таптым. Басты мақсат Азия ойындарының чемпионы атанып, Олимпиадаға лицензия алғым келген. Өкінішке қарай ол мақсатыма жете алмадым. Қателік өзімнен болды. Бірінші раундта жақсы ойнаған сияқты едім. Төрешілердің бәрі қарсылас тарапына беріпті. Тактиканы дұрыс орындай алмай қалдым. Жоспардың бәрі өзгеріп кетті. Жарыс жолын жалғастыратын боксшыларға сәттілік тілеймін», - деді спортшы.

 

Серіктес жаңалықтары