Әнші Мақпал Исабекова жақында өмірден өткен әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады
Өнер иесі оқырмандарына жан сырын ақтарып, әкенің орны қашанда бөлек екенін айтты.
Әнші Мақпал Исабекова жақында өмірден өткен әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі оқырмандарына жан сырын ақтарып, әкенің орны қашанда бөлек екенін айтты.
«Міне, кеткеніңе 10 күн болды. ...Өзіңді ойласам, тамағыма өксік тығылады. Баламның көзінше жыламауға тырысамын. Қайғыдан жаным жабырқамауға ол қатты көмектесіп жүр.
...«Ризамын саған, қызым», «Күнім, Құдай бере салған», «Аман жүріңдер, қайда жүрсеңдер де», «Мықты бол». Бұл - өзіңнен естіген соңғы сөзім, әке. Әкешім, қаншалықты орныңның бөлек екенін неге кеткеніңде ғана біліп отырмын, қайран өмір-ай. Жаныңның қалай қиналғанын бір Аллаһ пен өзің ғана білетін шығарсың. Әкешім, асқар тауым, мәңгі мекеніңе қайттың. Қанша жыласақ та, өмір ағысына көніп отырмыз, амал қанша. Жаның жәннатта болсын, иманың саламат болсын, бір Аллаһ жар болсын! Сен көрмей кеткен қызықты мама көрсін, папа. Жаным, әкешім, өзіңді қалай жақсы көргенімді айта алмадым саған, кешір…» деп жазды ол.