Асыланбек Шымбергенов Азиаданың ширек финалында өзбекстандық әлем чемпионымен кездеседі

Олардың жекпе-жегі 30 қыркүйекте өтеді.

Асыланбек Шымбергенов Азиаданың ширек финалында өзбекстандық әлем чемпионымен кездеседі
Фото: uz.sputniknews.ru
2077

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында бірінші кездесуінде жеңіске жетті. Спортшының келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта қытайлық боксшы Пейчэн Ванды жеңген болатын. Бұл жекпе-жек 1/8 финалдық кезеңде өтті. Енді отандасымыз Азия ойындарының ширек финалында 67 келі салмақта әлем чемпионы болған өзбекстандық Асадхужа Муйдинхуджаевпен рингке шығады.

Олардың жекпе-жегі 30 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, Асланбек те өз салмағында қазіргі әлем чемпионы.

Серіктес жаңалықтары