Орманшы Айсұлтан

Биыл ор­ман­шылар көктем айларында қала сыр­тына жалпы аумағы 400 гектарға 500 мың ағаш көшетін егіпті.

Орманшы Айсұлтан
1732

«Негізі, адам мен табиғат әу бастан бір-біріне етене жақын, үндес болған. Сондықтан болар, көпшілік арасында өзімізді табиғаттың төлі ретінде санайтынымыз бар. Дегенмен біз табиғатты сүйіп, қадірлей алмасақ, оны өз қолымызбен құртып жіберуіміз мүмкін. Сондықтан мен әркез табиғат-анаға жақын болуға тырысамын», – дейді кейіпкеріміз Айсұлтан Аманжолов.
Жас жігіт бүгінде Ақтөбе орман шаруа­шылығында орманшы бо­лып жұмыс істейді. Оның бұл салада ең­бек еткеніне биыл он жыл болған.
– 2013 жылы Ақтөбе ауыл шаруа­шы­лы­ғы колледжін «орман шаруашылығы» ма­мандығы бойынша тәмамдадым. Төрт жылға жуық білім алып, осы мекемеге жұ­мысқа орналастым. Мұндағы қызметім – орманды өрттен, басқа да апаттардан, сон­дай-ақ жан-жануарлар мен өсім­дік­терді қауіп-қатерден қорғау, орман ау­ма­ғын қоқыстан тазалау, ағаш егу, көшет отыр­ғызу. Ең алғаш мұнда жұмысқа ор­на­ласқанымда орманшылардың жал­а­қы­сы 27 мың теңге болды. Жалақының аз­ды­ғына қарамастан өз мамандығымды жақ­сы көрген соң бәріне төзіп, еңбек ет­тім. Арада он жыл уақыт өтті, қазір ай­лы­ғымыз 161 мың теңгеге жетті. Ор­ман­шылар қысы-жазы тыным таппайды, жұ­мысы көп, ал жалақысы аз. Соған қа­ра­­мастан үздіксіз еңбектеніп жүрген жайы­мыз бар, – дейді Айсұлтан.
Табиғат жанашырының айтуынша, бұл мамандық зор жауапкершілікті талап ете­ді. Себебі дала өрттері мен басқа да апат­тар болған жағдайда алдымен ор­ман­­шылар өз аумағын қорғауы керек. 
Бүгінде Ақтөбе орман шаруашылы­ғы­ның үш бөлімшесі бар. Олар: Елек, Қарғалы және Ленин орман шаруа­шы­лығы. Аталған мекемеде жұмыс істей­тін 116 адам осы бөлімшелердің барлы­ғын қорғауға міндетті. 
– Қазір бұл мекемелерде 70-ке жуық орманшы бар. Әрбір орманшыға белгілі бір аумақ бөлініп берілген. Мәселен, маған берілген аумақтың көлемі – 296 гек­тар жер. Мен осы аумақтың әрбір ағашына жауаптымын. Көктем, күз айларында орманды қоқыстан тазалап, тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Негізі, табиғатты аялау – әр адамның парызы. Бірақ кейбір жандар мұны түсінбейді. Содан болар орман ішіне таза ауамен тыныстауға келеді де, өздерімен ала кел­ген қоқыстарды жинамайды. Осының сал­дарынан орманда тұрмыстық қал­дық­тар көбейеді, – дейді ол.
Қазір Айсұлтан Ақтөбе орман шар­уа­шы­лығына қарасты Мағаджан тәлімба­ғын­да ағаш көшеттерін өсіріп, оларға кү­тім жасап жүргенін айтады. Биыл ор­ман­шылар көктем айларында қала сыр­тына жалпы аумағы 400 гектарға 500 мың ағаш көшетін егіпті. Қазан айында та­ғы да ағаш көшеттерін отырғызбақ.
– Өкінішке қарай, орман шаруа­шы­лы­ғы мекемесіне қарасты техникалардың са­ны аз, болса да ақауы көп. Биыл жаңа 4 трактор берілді. Сонда да үлгермей жа­тыр­мыз. Біз уақытпен санаспай еңбек ете­міз. Қыста да, жазда да ауа райының қо­лайсыздығына қарамай, орманды ара­лап, қадағалаймыз. Айта берсең, мәселе көп, дегенмен қанша қиын болса да, өз ма­мандығымды жақсы көремін, – дейді ор­маншы. 
Еңбекқор, өз жұмысына аса жауап­кер­шілікпен қарайтын Айсұлтан бо­лашақта орманшыларға жағдай жасал­са деген тілегін жеткізді. 
Әңгіме барысында кейіпкеріміз ке­лін­­шегінің де орманшы екенін айтып қал­ды. Сұрасақ, Айдана екеуі осы жерде ең­бек етіп жүріп, танысыпты. Олардың отау құрғанына жеті жыл болған. Бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр.
– Өзім қарапайым отбасынан шық­тым. Әкем құрылысшы болып жұмыс іс­тейді, анам өмірден өткен. Әкем мені әр­кез адал еңбек еткен адам ғана өз ар­ма­нына жетеді деп тәрбиеледі. Содан бол­са керек, өз жұмысымды ұқыпты әрі жауап­кершілікпен атқаруға тырысамын, – дейді ол.
Биыл орда бұзар жасқа толған Айсұл­тан «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» де­г­ен­дей, Ақтөбенің табиғатын сауық­тыру, орманды сақтау, қорғау мен молық­тыру­ға әрі қарай да аянбай еңбек еткісі ке­летінін айтады. 
Облыста орманды сақтау, молықтыру жә­не көбейтуге өз үлесін қосып жүрген жас­ты  былтыр Ауыл шаруашылығы қыз­мет­керлерінің салалық кәсіптік одағы ІІІ дә­режелі «Еңбек даңқы» белгісімен мара­пат­таған. Сондай-ақ Айсұлтан бірнеше жыл қатарынан облыстық табиғи ресурс­тар және табиғатты реттеу басқармасы­ның арнайы алғысхатын да алған.
Табиғатқа жанашыр болып, зор жауап­кершілік арқалап жүрген жігітке біз де сәттілік, отбасына амандық тілей­міз. 


Данагүл ҚАЗИХАН,
Ақтөбе облысы

 

Серіктес жаңалықтары