ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті

Оқытушылар мен ғалымдардың жалақысы 50-60 мың теңгеге артты

ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
azh.kz
1025

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ЖОО оқытушыларының еңбекақысы өсті.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында қосымша ақылар мен үстемеақыларды ескере отырып, педагогикалық оқытушы құрамның жалақысы 160,7 мың теңгеден 210,1 мың теңгеге дейін немесе 30,7 пайызға, ұлттық жоғары оқу орындарында 228,8 мың теңгеден 283,7 мың теңгеге дейін немесе 24 пайызға көтерілді, – делінген министрліктің Ашық НҚА порталында жарияланған құжатқа берген түсіндірме жазбасында.

Оқытушылар мен ғалымдардың жалақысы 50-60 мың теңгеге артты. Жалақыны өсіру мемлекеттік білім тапсырысының құнын арттыру есебінен жүзеге асырылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған түрлі мамандықтар бойынша білім гранттары құнының кестесінен бір мемлекеттік білім тапсырысының құны шамамен 100 мың теңгеге артқанын байқауға болады.

Серіктес жаңалықтары