Еліміздің қай өңірінде қарт адамдар көп тұрады?

Жыл басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамға жеткен.

Еліміздің қай өңірінде қарт адамдар көп тұрады?
Фото: elitar.kz
5057

Елімізде жасы 60-тан асқан 2 616 515 адам бар, деп хабарлады turkystan.kz

Статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамға жеткен. Бұл еліміздегі жалпы халық санының 13,2%-ы.

Оның ішінде ерлер – 1 031 051 адам (39,4%), әйелдер – 1 585 064 адам (60,6%). Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласында – 288 922 адам, Қарағандыда – 200 186 адам, Түркістанда – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам. 2022 жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адам болған.

2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8% өссе, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылы 9,7% артқан.

 

Серіктес жаңалықтары