Азиада-2023: Қазақстан медальдар кестесінде нешінші орында тұр

Қазір ел құрамасы еншісінде 26 медаль бар.

Азиада-2023: Қазақстан медальдар кестесінде нешінші орында тұр
Instagram/boxingkazakhstan
6631

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазір ел құрамасы еншісінде 26 медаль (3 алтын, 4 күміс, 19 қола) бар. Медальдар кестесінде 11-орында тұр.

Кестеде Қытай 200 медальмен (105 алтын, 63 күміс, 32 қола) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Жапонияның 99 (27 алтын, 35 күміс, 37 қола), Оңтүстік Кореяның — 102 медалі (26 алтын, 28 күміс, 48 қола) бар.

Серіктес жаңалықтары