Ақмола облысында ата-анасы қан құюға қарсы болған сәби қайтыс болды

Баланың ата-анасы медициналық көмекке өте кеш жүгінген

Ақмола облысында ата-анасы қан құюға қарсы болған сәби қайтыс болды
Ашық дереккөз
1191

Ақмола облысында ата-анасы діни наным бойынша қан құюға қарсы болған 1 жас 8 айлық ұл бала ауруханада қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола көпсалалы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері жариялаған мәліметке сәйкес, 1 жас 8 айлық сәби қыркүйектің 24-де санавиацияның көмегімен «Авиценна-Бурабай» ЖШС-нің анестезиология және реанимация бөлімшесіне түскен.

Балаға бірден «екіжақты пневмония, ауыр дәрежедегі асқынуы (сепсис, СПОН, Кома 2. Бастың ісінуі мүмкін. Ou DZN ісінуі)» диагнозы қойылды.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың ата-анасы медициналық көмекке өте кеш жүгінген. Бала түскен күні UMC «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» бас штаттан тыс балалар реаниматологымен консультация өткізілді, онда балаға өмірлік көрсеткіштері бойынша қан мен оның компоненттерін құю ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары