1863
Төреғали Төреәліге қатысты қайта қозғалған іс: адвокат мәлімдеме жасады
Әнші 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына тартылған.
Биыл маусым айында Алматы қаласында 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған Төреғали Төреәлінің ісі әлі аяқталған жоқ. 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына тартылған әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев NEGE.KZ сайтына сот ісінің мән-жайын айтып берді, деп жазады turkystan.kz.
«Әкімдік анықтайды. Әзірге қандай жұмыс істейтіні белгісіз. Бірақ алда апелляция бар, әлі соттасамыз. Себебі қырық сағат жұмысқа жегеді деген жазамен келіспейміз. Себебі, ол кінәсі жоқ адам. Жазықсыз айыпталып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, қандай жұмыс берсе де орындауға әзір. Бірақ кінәсі дәлелденген жоқ. Сот шешімімен келіспейміз. Сондықтан істі қайта қарауға береміз», - деді әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев.