74 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады? – Аймағамбетов

Асхат Аймағамбетов І топтағы мүгедектердің жәрдемақысы да өте төмен екенін сөз етті.

74 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады? – Аймағамбетов
Ашық дереккөз
2183

Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қарағанды облысында өткізген көшпелі отырысында айтты, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі күні жәрдемақы мөлшері өте төмен. Мүгедектігі бар азаматтардың орташа жәрдемақысы биылдың өзінде 74 000-76 000 теңге. Бұл өте төмен. Қазір төменгі жалақыны 85 мың теңге деп отырмыз. Енді өздеріңіз санап көріңіздер – 74 000-76 000 теңгеге қалай өмір сұһүруге болады?! – деді депутат.

Асхат Аймағамбетов І топтағы мүгедектердің жәрдемақысы да өте төмен екенін сөз етті. Шамамен 90 мың теңге.

Оны да көтермесе болмайды. Өйткені ия ІІ және ІІІ топқа жұмыс істеуге болады. Тиісті мүмкіндіктері бар, квота болады. Ал І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар қиын жағдайда. Оларға дәрі-дәрмектер керек, қосымша көмек керек, - деп айтты Мәжіліс депутаты көшпелі отырыста.

Депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту арқылы еліміздегі әлеуметтік қызмет жүйесін трансформациялау мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары