Елімізде қазан айында ауа райы қандай болады?

Қазан айына арналған ауа райы болжамы.

Елімізде қазан айында ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз
2282

"Қазгидромет" синоптиктері қазан айында ауа райы қандай болатыны туралы болжам ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, бірінші онкүндікте атмосфералық фронттардың жиі өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні 15-23 м/с күшейеді, 3-4 қазанда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, түнде таулы аймақтарда жаңбыр жылбысқы қарға айналуы мүмкін. Тек кей күндері ғана республика бойынша күн жылы әрі ашық болады.

Бірінші онкүндікте ауа температурасы жоғарылайды:

батыста түнде +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон +20+27°С;

оңтүстік-батыста түнде +7+15°С-тан +12+17°С-қа дейін, күндіз +22+27°С-тан +24+29°С-қа дейін;

республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында түнде 0,+7°С-тан, жекелеген аудандарда 3 градус аяздан +5+12°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +17+22°С-қа дейін;

елдің оңтүстігінде негізгі фон түнде +5+13°С, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін жоғарылайды;

ҚР оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде +5+13°С-тан +3+9°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +13+21°С-қа дейін, таулы аудандарда түнде 0,-5°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқиды.

Онкүндіктің соңында күндізгі ауа температурасы төмендейді:

еліміздің солтүстік жартысында +8+13°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +17+25°С-қа дейін,

оңтүстік-шығыс аймақтарда керісінше +22+27°C-қа дейін ауа райы жылынады.

Екінші онкүндіктің басында елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Айдың ортасында бұлтсыз ауа райы және температураның жоғарылайды.

Айдың соңында республиканың барлық аумағында суық ауа райының кезекті толқыны келеді, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман мен көктайғақ құбылыстары, екпінді жел болжанады.

Ауа температурасы төмендейді:

батыс өңірлерде түнде -5-10°С-қа дейін, күндіз +15+20°С-тан +3+8°С-қа дейін;

республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде 0,+5°С-тан -7-12°С-қа дейін, күндіз +11+16°С-тан -3-8°С-қа дейін;

ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +7+12°С-тан -2-7°С-қа дейін, күндіз +18+23°С-тан +5+10°С-қа дейін.

Серіктес жаңалықтары