Қарағанды облысындағы ұшақ апатына қатысты тың мәлімет шықты

Жиында ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланып, тергеуге қатысты құжаттар дайындалды.

Қарағанды облысындағы ұшақ апатына қатысты тың мәлімет шықты
Азаматтық авиация комитеті
1783

«Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС әуе кемесімен болған авиациялық апатқа байланысты шұғыл кеңес өтті, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, әуе апатынан 1097 сағат ұшу тәжірибесі бар әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы) және Әуе қорғау күштері әскери институтының курсанты қаза тапты. Ұшқыштың 2019 жылдың 28 қарашасында берілген жарамды CPL (A) № 000012 сертификаты болған. 01.07.2025 жылға дейін қолданыста болған Нұсқаушы ұшқыштың арнайы белгісі «КАМА» ЗТБ-мен енгізілген болатын. Ол 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамда.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF апатына байланысты Операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді. Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосты. Жиында ұшу қауіпсіздігі мәселелері талқыланып, тергеуге қатысты құжаттар дайындалды.

Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС 2022 жылғы 25 қарашада «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ берген АОО сертификаты негізінде авиациялық персоналды кәсіби даярлау жөніндегі қызметті іске асырады. Сертификаттық тексеруді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық инспекторлары 2022 жылғы 21 қараша мен 25 қараша аралығында жүргізді. Әуе оқиғасы болған UP-LA286 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2020 жылғы 4 маусымда берілді. Шығарылған жылы - 29.07.2011 жыл. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2020 жылғы 13 мамырда тіркелді, – делінген ведомство хабарламасында.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиациялық апаттарда қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары