«Біздің боксшылардан жеңісті тартып алып жатыр»: Жаттықтырушы Азиададағы әділетсіздік туралы айтты

Біздің боксшыларымыздың жеңісін тартып алып жатыр.

«Біздің боксшылардан жеңісті тартып алып жатыр»: Жаттықтырушы Азиададағы әділетсіздік туралы айтты
Sputnik / Владислав Воднев
3159

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, қазіргі мемлекеттік жаттықтырушы Мерей Ақшалов Азия ойындарындағы бокс бәсекесіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлады turkystan.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

"Асланбек бауырымыз ерлік жасады. Екі раунд шешімімен ол ұтылып жатты. Үшінші раундты алса да, төрешілер ұпай санымен бермеуші еді. Үш рет нокдаун беріп, кетіп бара жатқан жеңісті жұлып алды.

Өткенде әлем чемпионатында да болдық. Халықаралық Олимпиада комитеті Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) "жемқорлық жасайды" деп айыптайды. Ал осы жарысты ХОК ұйымдастырып жатыр. Сіздерге айтайын, бұл жерде тіпті нашар. Біздің боксшыларымыздың жеңісін тартып алып жатыр. Иә, кіл мықтылар кездесіп жатыр бір-бірімен. Жас бала мен мықты боксшы шығып жатқан жоқ. Кіл әлем чемпиондары өзара жұдырықтасып жатыр.

Біздің боксшылардың ешқайсысы ұтылған жоқ. Кем дегенде тең нәтиже тіркеліп жатыр. Курашта да біздің жігіттерді қысып тастады деп естіп жатырмын. Барлығына сәттілік. Жарыста қалған жігіттерімізге жеңіс тілеймін!" - деді Ақшалов.

Серіктес жаңалықтары