Бес сағатқа кешігіп хабарласқан: Қарағанды облысында жоғалып кеткен 10 жастағы қыздың анасы жауапқа тартылды

Бүкіл полиция бөлімі іздестіру шарасын жүргізді.

Бес сағатқа кешігіп хабарласқан: Қарағанды облысында жоғалып кеткен 10 жастағы қыздың анасы жауапқа тартылды
ekaraganda.kz
1747

Қарағанды облысында сабақтан кейін үйге оралмай із-түссіз жоғалған 10 жасар қыздың анасы жауапкершілікке тартылды. Деректерге сай оның қызы сабаққа бармай құрбысында болған, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қарқаралы аудандық ішкі істер бөліміне тұрғын 29 қыркүйек күні сағат 23:40 шамасында хабарласып қызының жоғалғанын айтқан. 

Анасының айтуынша қыз түстен кейін сабаққа кетіп, үйіне сағат 19.00-де қайтуы керек болған.

"Бірақ қыз үйіне оралмаған. Дабыл қаққан әйел қызын өзі іздей бастағанымен, іздестіру нәтиже бермеген. Әйел полицияға қызы жоғалып кеткеннен кейін бес сағатқа кешігіп хабарласқан", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүкіл полиция бөлімі іздестіру шарасын жүргізді. Полицейлер жоғалған қыздың сабаққа бармай, күні бойы құрбысымен бірге болғанын анықтады. Ал сағат 19.00-де оқушы қыз үйіне құрбысынан кеткен, содан кейін оны ешкім көрмеген.

"Жедел іздестіру топтары әр үйді аралап, жертөлелерді, шатырларды, кәріз құдықтарын тексерді. Бір жарым сағаттан кейін қыз аман-есен табылды. Ол үйге жаяу келе жатқанын, бірақ жолда қатты жаңбыр жауа бастағанын айтты. Жауында қалмас үшін домбыра ескерткішіндегі қуыста күткен. Сол жерде жайғасып, ұйықтап қалған", - деп қосты полиция.

Дәрігерлер тексеріп, психологпен сөйлескеннен кейін бала анасына қайтарылды. Мектеп оқушысының анасына қатысты облыстық ӘҚБтК-нің 127-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары