Азиада-2023: Қазақстан медальдар кестесінде нешінші орында?

Қазір ел құрамасы еншісінде 31 медаль бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.

Азиада-2023: Қазақстан медальдар кестесінде нешінші орында?
Olympic.kz
7064

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды.

Қазір ел құрамасы еншісінде 31 медаль (3 алтын, 5 күміс, 23 қола) бар. Медальдар кестесінде 13-орында тұр.

Бұл жөнінен Қытай 241 медаль алып, (130 алтын, 72 күміс, 39 қола) көш бастаған. Одан кейінгі орындар Оңтүстік Корея (124 медаль: 30 алтын, 35 күміс, 59 қола), Жапония (111 медаль: 29 алтын, 41 күміс, 41 қола) еншісінде.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 130-72-39 (241)

Оңтүстік Корея - 30-35-59 (124)

Жапония - 29-41-41 (111)

Үндістан - 13-19-19 (51)

Өзбекстан - 11-12-17 (40)

Таиланд - 10-6-14 (30)

Тайвань - 9-10-14 (20)

Гонконг - 6-15-19 (40)

Солтүстік Корея - 5-9-5 (19)

Индонезия - 4-3-11 (23)

Қазақстан - 3-5-23 (31).

Серіктес жаңалықтары