Алматыда жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды

Бірі 29 тамызда, бірі 28 қыркүйекте үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Алматыда жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды
instagram/volontery_almaty_lider.kz
2707

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында жариялады.

1983 жылы туған Жарқын Арғымбеков 28 қыркүйекте жоғалып кеткен. Күндіз сағат 11 шамасында ер адам ақ түсті Mitsubishi L200 көлігімен Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылынан шығып кеткен. Кейін ол байланысқа шықпаған. 1 қазанда жоғалған ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өлімінің мән-жайы айтылмады.

1992 жылы туған Равиль Териянов 29 тамызда жоғалып кеткен. Ол сағат 18:00 шамасында "Айнабұлақ-2" ықшамауданындағы үйінен шығып, хабарсыз кеткен. Іздеу жұмыстары бір айға созылды. Полиция қызметкерлері 29 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінің іргесінен зорлық-зомбылықпен өлген із-түзсіз жоғалған адамның денесін тапты. Күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары