Ақтаудағы спортшы қыздың өлімі: полицейлер жауапқа тартылуы мүмкін

Кейбір полицейлердің қылмысты жасыруға тырысқаны белгілі болды.

Ақтаудағы спортшы қыздың өлімі: полицейлер жауапқа тартылуы мүмкін
lada.kz
964

Прокуратура 21 жастағы Валерия Шальноваға зорлық-зомбылық көрсетіп, артынша өлтірген Ақтау тұрғынына қатысты айыптау қорытындысын бекітті. Материалдары жақын арада сотқа жіберіледі, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың қорғаушысы Ажар Әбділдің айтуынша, тергеу ісіне кедергі келтірген полицейлер де жауапқа тартылуы мүмкін.

Бұл қылмыстық істі тергеу барысында кейбір полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты уақтылы тергеуге кедергілер жасап, қылмысты жасыруға тырысқаны белгілі болды.

– Оларға қатысты іс қарастырылып, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасына жіберілді, онда кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті баға беріледі, – деп толықтырды адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда 2 шілдеде су арнасынан 21 жастағы Валерия Шальнованың денесі табылған болатын. Ол қоян-қолтық ұрыспен кәсіби түрде жаттыққан. Көп жүлдеге ие болып, түрлі жарыстарға қатысқан.

Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғап, кейін оны 119-бапқа «Қауіпті жағдайда қалдыруға» өзгертті. Содан соң құқық қорғау органдары 21 жастағы спортшының өліміне қатысты бапты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» деп өзгертіп, күдіктіні қамауға алған болатын.

Серіктес жаңалықтары